Астана қаласының математика пәні мұғалімдеріне арналған “5-9 сынып математика пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту” тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы басталды.
Бүгінгі дәріс барысында тыңдаушылар мәтіндік тапсырманың түрін анықтап, математикалық модель құрастыру және мәтіндік есептерді шешу алгоритміндерін қарастырып, алгебралық тәсілді және барлық мүмкін нұсқаларды қолданып қозғалысқа, пайызға, жұмысқа, қорытпаларға мәтін есептерін шығарды. Мәтіндік есептерді арифметикалық жолмен және барлық мүмкін нұсқаларды пайдаланып шешу жолдарын қарастырды.

