Өрлеудің орталық аппарат басшылығы филиал директорларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында 2023 жылдың қорытындысы мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.
Кездесуде:
1. Біліктілікті арттыру курстарын өткізу кезінде жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен және жүйелі түрде ендіру, білім беру кеңістігін цифрландыру саласындағы соңғы жаңалықтарды тұрақты түрде бақылап отыру;
2. Жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста болу;
3. Филиал оқытушыларының арасынан белгілі бір білім беру ұйымының педагог қызметін мониторингілеуге жауапты – кураторды – әрбір өңірде тағайындау;
4. Педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын іске қосу;
5. 2024 жылы білім беру бағдарламаларын іске асыру;
6. Өрлеу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мәселелері талқыланды.



