Бастауыш сынып мұғалімдері біліктіліктерін жетілдіруде

Оралдың «Өрлеуі» Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының тренері Габбасова Багдагул Беккалиевнаның жетекшілігімен біліктілікті арттыру курсы 5-16 тамыз аралығында Қаратөбе ауданы  Қажым Жұмағалиев атындағы мектеп-гимназиясында өтуде.

      «Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекеті» тақырыбындағы курста бастауыш сынып мұғалімдері білім-біліктіліктерін жетілдіруде.

     Курстың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік және жобалық іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру.

      Курсқа қатысушылар  тәжірибе барысында  дәстүрлі әдістемелер мен өзекті технологияларды біріктіру, жұмысты өз бетінше ұйымдастыру және жоспарлау, білім алу және талдау, ақпаратты іріктеу, шешімдер қабылдау, жобаларды таныстыру дағдыларын жетілдіруде. 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар