5-15 тамыз аралығында басталған курстардың бірі – Тасқала ауданы «Садық Жақсығұлов» атындағы жаллпы орта білім беру мектебінде «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбында өтуде. Тыңдаушылар категориясы: Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері.
Біліктілікті арттыру курсына Оралдың «Өрлеуі» Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының тренері Алипкалиева Гульфия Бекетовна жетекшілік етуде. Курс бағдарламасының мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлері мен тәрбиешілерінің ойындық құзыреттілік деңгейін арттыру.
Тыңдаушылар біліктілікті арттыру курсында қазіргі білім беруді дамытудың нормативтік және психологиялық-педагогикалық аспектілері, білім беру сапасын арттыру мән мәтінінде оқыту, дамыту және тәрбиелеудің мазмұны мен әдістерін жетілдіруді, педагогтердің IT-құзыреттілігін және цифрлық сауаттылығын дамытатын болады.



