Алғаш рет «Бастауыш сыныптарда шахматты оқыту әдістемесі» тақырыбында курс басталды

       5 тамыздан бастап  Оралдың «Өрлеуінде» алғаш рет «Бастауыш сыныптарда шахматты оқыту әдістемесі» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері біліктіліктерін арттыруда.

    Әзірге қанатқақты бастама тек төменгі буын оқушыларын қамтиды. Біздің облысымыздың 5 мектебі «Білім берудегі шахмат» республикалық жобаның пилоттық мектептері ретінде таңдалды. Болашақта шахмат сабақтары барлық мектептерде міндетті пәндердің қатарын толықтырмақ. Бұл жөнінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында қазіргі қоғамға интеллекті жоғары, терең ойлайтын адамдар қажет екенін атап өткен болатын.  Қазақстандық Шахмат Федерациясы «Білім берудегі шахмат» республикалық жобасын іске қосты. Оның ішіне шахмат сабақтарын жүргізетін оқытушыларды кешенді дайындау бағдарламасы да қамтылған. Ол мектеп оқушылары арасында шахматты дамыту үшін түрлі жарыстар ұйымдастыруды мақсат етеді.
         Курсқа шақыртылған ректорлар Раманова Алтынай Абибуллаевна мен Бауенов Ерлан Нажмеденович жетекшілік етуде.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар