Белсенділік танытуларыңыз сұралады! «Барлығына қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде берілген «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасын іске асыру аясында LMS платформасында базалық деңгейдегі онлайн курстарға тіркелу жалғасады.
Тіркелу https://bc.orleu-edu.kz сайтында жүргізілуде.
Облыс бойынша бүгінгі жалпы көрсеткіш – 1517.
11 пән бойынша базалық деңгейдегі онлайн курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ өткізетін болады. 12 тамыздан бастап бастауыш сынып, 19 тамыз күні қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері педагогтері, 26-27 тамыз күні жаратылыстану-математика пәндері педагогтеріне курстар басталады.
Оқу курстары тегін өтетінін хабарлай отырып, педагогтерді курстарға белсенділікпен тіркелуге шақырамыз!

