Нысаналы мектептер жобасы тақырыбында онлайн кездесу өтті

          Оралдың «Өрлеуінің» Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының  меңгерушісі Сәнім Әбитова 13 тамыз күні  қалалық, аудандық білім бөлімдері әдіскерлерімен  нысаналы мектептер жобасы тақырыбында онлайн кездесу өткізді.

Нысаналы мектептер жобасының мақсаты – жергілікті жерлерде білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсыну.

2024-2025 оқу жылы «943-Елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасына Батыс Қазақстан облысының 37 білім беру ұйымы енді. Әдіскер-ментор болып қалалық, аудандық білім бөлімдерінің 13 әдіскері тағайындалды.

Кездесу барысында өткізілетін базалық курс, алдағы атқарылатын жұмыстарға ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Кездесу соңында кері байланыс орнатылып, туындаған сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар берілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар