Бүгін 6 қыркүйек “Әдістемелік қызметті трансформациялау” курсының тыңдаушалырына курстан кейінгі қолдау жоспары аясында вебинар жұмысы өтті.
Атырау облыстық әдістемелік орталықтың өкілдерімен бірлесе отырып ұйымдасқан үйлестірушілер мен әдіскерлердің кездесуінде әдіскерлерге курстан кейінгі қолдау жоспары, жоспар шеңберінде жұмыстарды тапсыру мерзімдері таныстырылды.
Жиын барысында «943 – ЕЛДІҢ МАҚСАТТЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» жобасы шеңберінде 46 НЫСАНАЛЫ МЕКТЕППЕН әдіскердің өзара іс-қимыл жоспарын әзірлеу және бекіту, білім алушылардың білім сапасының мониторингі, сабақтарды байқау парағын талдау және т.б. тақырыптарда сөз қозғалды.
Институт директоры Роза Даулетова онлайн-вебинарға қатынасып, әдістемелік қолдаудың маңыздылығына тоқталып, тыңдаушыларда туындаған барлық сұраққа жауап берді. Бекітілген жоспарға сай алдағы уақытта да бірлескен шаралар жалғасын табатын болады.
