Математиканы оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары

2024 жылдың 12-23 тамызы аралығында «Өрлеу- Қостанай» филиалында  математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Математиканы оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістер» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті.

Курс бағдарламасы заманауи педагогиканың негізгі аспекттеріне: инновациялық әдістерді қолдану, білім сапасын диагностикалау және бағалау, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеретін оқу ортасын құруға бағытталды.

Ерекше назар келесі тақырыптарға аударылды: оқу мазмұнын жетілдіру және оқыту әдістері, білім берудегі цифрлық технологиялар. Қатысушылар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуде функциялардың қасиеттері мен графиктерін қалай пайдалану керектігін, сондай-ақ тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің тиімді әдістерін меңгерді. Практикалық мазмұндағы геометриялық есептерді шешу әдістері және айналу денелерімен жұмыс — стереометриялық есептерді шешуде беттер мен көлемдердің формулаларын қолдану талқыланды. Мұғалімдер цифрлық құралдардың оқыту процесін қалай өзгертіп, оның тиімділігі мен қолжетімділігін арттыратынын зерттеді.

Сонымен қатар, курс қатысушылары өздерінің практикалық жұмыстарында пәнаралық тәсілді қолдана отырып, математика мен басқа білім салалары арасындағы қызықты байланыстарды тапты. Мысалы, олар геометрияны оқытуда Бен Хейн сияқты суретшілердің өнер элементтерін біріктірді. Ең есте қалған сәттердің бірі А. С. Пушкиннің «Шабыт геометрияға да, поэзияға да қажет» деген сөзімен байланысты болды, бұл шығармашылық көзқарастың оқытудағы маңыздылығын көрсетті.

Курсты «Қазақстанның үздік педагогы 2022» атағының иегері, 30 жылдан астам тәжірибесі бар, педагог-шебер, математика пәнінің мұғалімі Наталья Владимировна Станогина жүргізді. Оның жетекшілігімен мұғалімдер өз білімдерін тереңдетіп қана қоймай, практикалық қызметінде инновациялық әдістерді енгізуге шабыттанды.

Курстың аяқталуы қатысушылардың қажырлы еңбегінің қорытындысы ғана емес, сонымен қатар жаңа оқу жылында білім беру қызметінде алған білімдері мен дағдыларын қолдануға дайын жаңа кезеңнің бастамасы болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар