10 қыркүйек күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институты облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе нысаналы мектеп педагогтерімен атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын арттыру аясында әдіскерлермен ZOOM платформасы арқылы кездесу өткізді.
Кездесу барысында педагогтердің Базалық деңгей бойынша курстарға қатысуы, тыңдаушылардың кестеге сай оқу модульдерін меңгеруі туралы ой бөлісті.
Оралдағы «Өрлеу» Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының меңгерушісі Сәнім Әбитова педагогтердің оқыту сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарына берілетін әдістемелік көмек, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарына қамту, әдістемелік көмек көрсету мәселелеріне кеңінен тоқтады.
Сондай-ақ жобаға енген барлық 37 мектепке жауапты Әдіскер-менторлар мен Оралдағы «Өрлеу» аға оқытушыларымен бірлесе атқарар жұмыстары жоспарланды. Бекітілген іс-шараға сай бірлескен жұмыстарды өткізу, нысаналы мектептердің жеке портретін талдау, нысаналы мектептердің директорларымен мектепті дамыту бағдарламасы бойынша кездесулер өткізу, педагогтерді оқыту мен оқу/бағалау саласындағы қажеттіліктерін диагностикалау, оны талқылау, әдіскер-менторлардың нысаналы-мектептердің өзара іс-қимыл жоспарының сапалы орындалуы бойынша бірқатар проблемаларды талқылады.

