Біздің семинарлар тек теорияға емес, тәжірибеге де бағытталған

ҚР Оқу-ағарту министрі бекіткен мектепте алған білімдерін объективті бағалау жүйесін қалыптастыру тәсілдерін әзірлеу жөніндегі Жол картасын іске асыру мақсатында – қаламызда Білім алушылардың оқу жетістіктерінің мониторингінің (МОДО) орташа нәтижесінде ауытқуы бар мектеп педагогтерін қамти отырып, бірқатар семинарлар өткізу жұмыстары бастау алды.

Іс-шара педагогтерді әдістемелік қолдау және педагогикалық ұжымдардың сапалық құрамын арттыру үшін өткізілуде.

Зерттеу және талқылау тақырыптары: кәсіби қиындықтарды жеңу бойынша педагогтерге атаулы әдістемелік көмек көрсету, ҚР білім беруді үздіксіз дамыту стратегиясы ретінде үздік педагогикалық тәжірибені тарату үшін жағдай жасауға бағытталған.
Жиынды филиал директоры Бекіш А.Ә. құттықтау сөзімен бастады. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының маманы Мәдениет Хабат қатысушыларға семинардың мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.
Бастауыш сынып және математика мұғалімдері семинарға алғашқы қатысушылардың бірі болды.
Адылгазина Г.С., Сасықова А.Т., Қалиев Б.У., Төлеуова А., Паникарская Н.Ю., Насиров М.О., Камалитденова А.Н., Акбар А.А., Аубакирова К.А. тәжірибелі мектеп мұғалімдері семинарға спикер ретінде шақырылды.

Семинар бағдарламасын кафедраның аға оқытушылары Боранбаева Л. К., Болатқызы А. әзірледі.
Мұғалімдердің назарына оқушылармен жұмыс жүйесі ұсынылып, цифрлық ресурстарды тәжірибеде пайдалану және оқу материалын есте сақтаудың тиімді әдістері т. б. көрсетіледі.

Семинарға қатысушыларға жемісті және нәтижелі жұмыс тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар