«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты білім беру ұйымдарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жаһандық құзыреттілік» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр.
Бағдарламаның мақсаты: ТжКББ педагогтерінің жаһандық құзыреттіліктер бойынша кәсіби деңгейін арттыру.
Міндеттері:
1. ТжКББ ұйымдарында білім алушылардың жаһандық құзыреттілігін арттырудың нормативтік құқықтық, теориялық, әдістемелік және практикалық аспектілері туралы білімді жетілдіру.
2. Жергілікті және жаһандық, мәдени, әлеуметтік, экологиялық маңызды мәселелерді шешуде ХХІ ғасырдың дағдыларын қолдану (soft skills, human skills, mobility skills).
3. ТжКББ ұйымдарында білім алушылардың жаһандық құзыреттіліктерін дамытуда цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
Күтілетін нәтижелер:
Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар:
1. ТжКББ ұйымдарында білім алушылар үшін жаһандық құзыреттілік курсын ұйымдастыруды реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері бойынша білімдерін жетілдіреді, әдістемелік құжаттармен танысады және ағымдағы мәселелерді талдайды.
2. Жергілікті және жаһандық мәдени, әлеуметтік, экологиялық маңызды мәселелер мен ХХІ ғасырдың дағдылары (soft skills, human skills, mobility skills) бойынша іс-шараларды ұйымдастыру қабілеттерін көрсетеді.
3. Білім алушылардың жаһандық құзыреттілігін дамыту үшін цифрлық технологияларды қолданады.




