Мектептегі білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға

Бүгін Жамбыл облысы бойынша “Мақсатты мектеп” жобасына енген мектеп басшыларына арналған үш күндік семинар жұмысын бастады. Семинар жұмысына мақсатты мектеп басшылары, әдіскер-менторлар, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері, мүдделі ұйым басшылары мен қызметкерлері  қатысты. Еліміздегі 943 мақсатты мектеп директорларын біріктірген ауқымды шараны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қ.Б.Жұмашев ашып,  жобаның маңызы мен  мақсат -міндеттеріне, жоба аясында атқарылатын жұмыс мазмұнына талдау жасады. Семинарға қатысқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысының орынбасары, өңірлік “Жобалық кеңсе” жетекшісі Л.А.Кзылкулова «Мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясындағы атқарылып жатқан жұмыстарды ұйымдастыру мен сапалы деңгейге көтеруге бағытталған іс-шараларды жүйелі жүргізу туралы мектеп басшыларына зор  міндеттер жүктелетінін еске салды. Семинар бағдарламасына сай  “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты қызметкерлері сессиялар өткізіп,  директорлармен “Мектептің жеке портретін талдау”,  “Мектептің даму бағдарламасы” сияқты маңызды құжаттарды  GROW техникасы арқылы жан-жақты талдау жасады. Өзгерістер мен толықтырулар жасауда  “Қызық/Сұрақ/Ұсыныс” кері байланысы тиімді пайдаланылып, семинар қатысушылары теориядан практикаға өтудің әдіс-тәсілдерін, теориялық білімді тәжірибеде қолдануға машықтанды. Семинар қатысушылары тәжірибелік сессия аясында  мектепті дамытуда білім сапасын басқару мен педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз етуге жағдай жасау, қолайлы орта қалыптастыру, білім сапасын  бақылау мен талдауда оқытудың тиімді модельдері, оқытуды  саралау арқылы оқу процесін басқару,   педагогтерді курстан кейінгі қолдау жұмыстарының жүргізілуі, білім беру саласындағы цифрлық ресурстар, жасанды интеллект т.б. мәселелер бойынша ақпараттармен қамтылды. Мектеп басшыларына арналған семинар жұмысының алғашқы күнінде “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы тарапынан оқытудың теориялық ғылыми негізі мен тәжірибе алмасу, әдістемелік сүйемелдеу, қолдау жұмыстары жан-жақты жүргізілді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар