Нысаналы мектеп басшылары мен орынбасарларына арналған республикалық семинар бастау алды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті ұйымдастыруымен «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» жобасы аясында барлық өңірде мақсатты мектеп басшылары мен орынбасарларына арналған «Мектепте білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбындағы үш күндік республикалық семинар бастау алды.

Семинардың негізгі мақсаты: тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізу үшін сапа менеджменті саласында мектеп басшыларының басқару құзыреттілігін дамыту. Семинарды оқыту барысында мектептің даму стратегиялары, оқу процесін ұйымдастыру мен сапа менеджменті және мектепшілік бақылау тақырыптарында 3 күндік оқыту жүргізіледі.

Жиынның ашылу салтанатында  Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің орта білім беру комитетінің төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы алғы сөз сөйлеп, тұрақты білім беру нәтижелеріне қол жеткізуде сапа менеджменті саласында мектеп басшыларының басқару құзыреттілігін дамытудың маңыздылығын атап өтті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Шилибекова Айдана Сенбекқызы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры Бекіш Азамат Әбділқаилұлы жоба аясында атқарылған жұмыстар  және негізгі көрсеткіштермен таныстырып, семинардың мақсаты мен күтілетін нәтижелеріне тоқталды.

«Мектепте білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбындағы семинардың ұйымдастырушылары Астана қаласының Білім басқармасы, Білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы, «А.Байтұрсынұлы» атындағы «Талдау» білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы бағдарламаға сәйкес сессия жұмыстарын өткізеді.

Оқыту аяқталғаннан кейін қатысушыларға кері байланыс беріліп, сертификат табысталатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар