2024-2025 оқу жылына арналған «Мұражай педагогикасы» пилоттық жобасы бойынша маңызды қадам жасалып, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша КДИ,Тараз қалалық білім бөлімі, И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясы, Тараз инновациялық көпсалалы колледжі және Жамбыл облыстық өлкетану мұражайы басшылары арасында меморандумға қол қойылды. Бұл құжат барлық тараптардың мұражай педагогикасын білім беру процесіне енгізу бойынша серіктестігін және ортақ міндеттемелерін бекітті.
Жоба мақсаттары:
-Мұражай педагогикасын білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушылар мен студенттерге тарихи, мәдени және рухани мұраларды тереңірек түсінуге мүмкіндік беру.
-Оқу процесін жандандыру және интерактивті ету үшін мұражай ресурстарын пайдалану.
-Мұражайлар мен оқу орындары арасында тығыз байланыс орнату, бірлескен шаралар арқылы тарихи және өлкетану білімін дамыту.
Жобаның негізгі бағыттары:
1.Мұражай сабақтар мен дәрістер.
Пән мұғалімдері мен мұражай қызметкерлері бірлесіп, мұражай материалдары негізінде сабақтар өткізеді. Әрбір сабақ білім беру бағдарламасының мазмұнына сай дайындалып, тәжірибелік және интерактивті түрде өткізіледі.Бұл сабақтар оқушыларға тарихи экспонаттармен тікелей жұмыс істеу мүмкіндігін береді және танымдық үдерісті арттырады.
2.Жобалық жұмыстар мен шығармашылық іс-шаралар.
Оқушылар мен студенттер мұражайларда алған білімдері негізінде шығармашылық жобалар әзірлеп, түрлі конкурстарға қатысады. Мұндай іс-шаралар олардың тарихи санасын қалыптастырып, зерттеу дағдыларын дамытады.
Жоба аясындағы ынтымақтастық:
-«Өрлеу»-Жамбыл мұғалімдердің біліктілігін арттыру және мұражай педагогикасы саласында әдістемелік көмек көрсетеді;
-Тараз қалалық білім бөлімі жобаны ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарын жүргізеді, мектептер мен колледждерге қолдау көрсетеді;
-№39 мектеп-гимназиясы мен Тараз инновациялық көпсалалы колледжі жоба аясындағы негізгі оқу орындары ретінде оқушылар мен студенттерге тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асырады;
-Жамбыл облыстық өлкетану мұражайы оқушыларға мұражайлық сабақтар мен тарихи деректер бойынша мәліметтерді ұсынады, экскурсиялар мен шығармашылық іс-шараларға қатысады;
Жобаның болашағы:
Жоба 2024-2025 оқу жылында тәжірибелік деңгейде жүзеге асырылып, кейіннен облыс көлеміндегі басқа білім беру мекемелеріне тарату жоспарлануда. Жоба нәтижесінде мұражай педагогикасы білім беру жүйесіне табысты енгізіліп, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға үлес қосады деп күтілуде.