2024 жылдың 24 қазанында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында «Ұлттық құндылықтар және қазақстандық білім беру жүйесіндегі этнопедагогика: бүгінгі жағдайы мен келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны Институт директоры Қайсар Нұрлыбаев ашты.
Конференцияның мақсаты — ұлттық құндылықтар мен этнопедагогика саласындағы зерттеулермен танысу, озық ғылыми тұжырымдамалар бойынша пікір алмасу. Отандық және шетелдік педагог-ғалымдар, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары, орта білім беру ұйымдарының басшылары мен тренерлері белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Конференцияда «Этнопедагогика — ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу», «Отбасылық құндылықтарды меңгертудің маңызы», «Заманауи оқу-тәрбие үдерісіндегі педагогтердің адами-рухани құндылығы» секілді өзекті тақырыптар талқыланды.
Бұл іс-шара білім беру саласындағы жаңа идеялар мен тәжірибелер алмасуға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дамытуға зор үлес қосты. Конференция нәтижелері этнопедагогика мен ұлттық тәрбие мәселелеріне жаңа көзқарас ұсынды.
Шара соңында қатысушылар құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.






