«БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕР» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2024 жылығы қазан айының 30 күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы, Төле би 298/4, мәжіліс залында «Білім беру жүйесін дамытудағы заманауи үрдістер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болды. Халықаралық конференцияға шетелдік және отандық ғалымдар, «Өрлеу» БАҰО» АҚ өкілдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының ПОҚ өкілдері, білім берудің барлық деңгейлерінің басшылары мен педагогтары (мектепке дейінгі деңгейден жоғары оқу орындарына дейін) қатысты. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Конференцияға 210 қатысушы қатысты.

             Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша КДИ директоры Ержан Тұрғанбайұлы Мелдебеков ашып, конференцияның мақсат-міндеттерін атап өтіп, конференция қонақтары Өзбекстан Республикасы, Түркия Республикасынан келген ғалымдар мен қонақтарға сәттілік тіледі.

Түркия Республикасының  Анкара, Гази университетінің, п.ғ.д., профессоры Юджел Гелишлидің «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы баяндамасы мазмұнды болды. Өзбекстан Республикасы, Ташкент қ., Халық ағарту ісінің Үздігі, жоғары санаттағы мұғалім Гулзада Абуеваның «Современные педагогические технологии – оптимизация эффективности образовательного процесса в начальных классах общеобразовательных школ» баяндамасында бүгінгі күндегі бастауыш мектеп жағдайында жасанды интеллектің ықпалы мен ерекшеліктерін атап өтті. 

Сонымен қатар пленарлық сессия барысында  білім беру жүйесін дамытудағы өзекті мәселер мен педагогикалық технологиялар, оқу процесіндегі жасанды интеллектің әсері талқыланды. Жасанды интеллектіні қолдану мен оның білім беру процесіндегі рөлі туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті, қауымдастырылған профессор Мысаева Қарлыға Нақысбекқызы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік  педагогика кафедрасының  меңгерушісі, п.ғ.к., профессор Қыяқбаева Ұлболсын Қозыбайқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті PhD докторы, Бастауыш  оқытудың педагогикасы мен әдістемесі БББ көшбасшысы Нурбекова Салтанат Молотовна, «Бөбек» ҰҒПББСО колледжі директорының ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, тарих және құқық пәндерінің оқытушысы Серикбаева Гулбаршын Умирбекқызы, Қазақ ұлтты қыздар педагогикалық университетінің п.ғ.к., профессор м.а Жубандыкова Акгул,   Ақтөбе қаласы, «№ 65ЖББОМ» КММ мектеп директоры Жантурина Марфуға Саменқызы баяндамаларында ерекше атап өтті.

Түскі үзілістен кейін шебер-сыныптар сессия өз жұмысын бастады.  

  • Мектепке дейінгі білім беру: Мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамыту, жасанды интеллектің оқу-тәрбие процесіндегі рөлі, балалардың өзін-өзі дамытуға бағытталған жаттығулар көрсетілді;
  • Орта және қосымша білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар: Цифрлық ортада функционалдық сауаттылықты дамыту, оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу дағдылары бойынша шебер-сыныптар көрсетілді;
  • Техникалық және кәсіптік білім берудегі адами ресурстар: білікті мамандар және кәсіптік білім: көру қабілеті бұзылған ЕББҚ  бар білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту,  әлеуметтік бейімдеу, педагогикалық қолдау моделі, кондитерлік өнімді дайындаудағы жаңа технологиялар, әйелдер сырт киімін, тоқыма жіптен гүлді аксессуармен толықтыру, ЖМК қоғамдық пәндерді оқытудағы инновациялық әдістерді тиімді пайдалану бойынша талқылаулар болып, шебер-сыныптар көрсетілді;
  • Жоғары білім беру: оқытуда жасанды интеллект, Метапәндер және
  • double skills қолдану: білім беру процесінде метапәндер, жасанды интеллект, жобалық-зерттеу әдістерін пайдалану жолдары айтылып, талқыланды;
  • Білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі инклюзивті интеграция: ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқыту әдістері мен инклюзивті білім беру бағдарламалары, ұлттық құндылықтар талқыланды.

Конференцияның қорытынды сөзін «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Алматы қаласы бойынша КДИ директоры Ержан Тұрғанбайұлы Мелдебеков қорытындылап, ұсыныстар бойынша қорытындылар жасады. Халықаралық конференцияға қатысқан шетелдік және отандық ғалымдар мен баяндамашыларға Құрмет грамотасымен марапаттады.

Конференция бойынша ұсыныстар:

  • Функционалдық сауаттылықты арттыру бойынша республика мектептеріне шетелдік ғалымдар тәжірибесі таратылса;
  •  Жасанды интеллектінің оқу-тәрбие процесіндегі рөлі бойынша біліктілікті арттыру курстары мен семинарлар ұйымдастыру;
  • Білім беру жүйесінде жасанды интеллект, инклюзивті интеграция, және педагогикалық инновациялар сынды маңызды мәселелер талқыланып, қазіргі заманғы үрдістер мен олардың тиімділігі туралы пікір алмасу (дөңгелек үстелдер, вебинарлар) арқылы жоспарланса;

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар