«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске қосылды

2024 жылдың 30-31 қазанында Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы жайлы мектебінде «Топ құру және цифрлық сауаттылық» тақырыбында семинар тренинг өтті.

Бұл іс-шара Ұлттық жоба шеңберінде орта білім беру ұйымдарында жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру мақсатында, жайлы мектептердің педагогикалық ұжымына ұйымшылдықты, өзара сенімділікті және оқу үдерісінің сапасын арттыру үшін топ құру қағидаттарын енгізуді көздейтін жоба жұмысының бастамасы болып табылады.

Семинар барысында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренерлері Ляззат Орманбекова, Ғалым Іркітбай және Гаухар Жарылғамысова 86 педагогке тиімді топтық жұмыс дағдыларын дамыту, команданы біріктіру және командалық рухты қалыптастыру бойынша тренингтер өткізді.

Бұл семинар-тренингтер педагогтарымыздың ұйымшылдығын арттырып, оқу үдерісінің сапасын жоғарылатуға зор үлес қосады. Білім беру саласындағы жаңашылдықтарды бірігіп жүзеге асыру үшін сенімді орта қалыптастыру — біздің басты мақсатымыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар