Ақмола облысы бойынша «Өрлеуде» «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» конкурсына қатысушылардың барлығы көптен күткен облыстық кезеңнің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы конкурсқа 300 адам қатысты, оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің, арнайы түзету білім беру ұйымдарының педагогтері, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері, ТжКБ оқытушылары бар. Алуан түрлі жұмыстар ұсынылды: бейнесабақтар, дәрістер, шеберлік сыныптары, подкаст және т.б. педагогтерге өз педагогикалық идеяларын білдірудің түрлі құралдары мен кең спектрін қолдануға мүмкіндік берді. Конкурстық материалдың жаңашылдығы мен ғылыми негізділігі ғана емес, сонымен бірге материалды өңдеу шеберлігі де бағаланды.

- 22 Ноя
- 2024