Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» жыл сайын өткізетін «Педагогикалық идеялар панорамасы -2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнедәрістер конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды.
«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты филиалы жыл сайынғы мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарына арналған бейне-сабақтар мен бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің қорытындысын жариялады.
Марапаттау рәсім барысында «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаз педагогтері 12 номинация бойынша 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. 12 бағыттың әрқайсысында бір бірінші орын, екі екінші орын және үш үшінші орын берілді.
Байқау қорытындысы бойынша 68 педагог жеңімпаз болып танылды. (1 орын – 14 , 2 орын – 23 ,3 орын – 31).Өңірлік кезеңнен 1-ші орын алған 14 педагог байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. Жүлделі орынға ие болған педагогтерді құттықтаймыз! Конкурсқа қатысуға өтінім берген, жұмыстары талапқа сай барлық мұғалімдерге қатысқаны үшін сертификат беріледі.
Марапаттау рәсімі Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейінде өтті. 3 орын жеңімпаздарын Астана қаласының әкімдігі Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Мұратқызы, 2 орын иегерлерін Асыл Аманкелдиновна, 1 орын жеңімпаздарын Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Батыр Әлиұлы марапаттады.
Салтанатты марапаттау рәсімін «Риза» би ансамблі қазақ биімен ашып берсе, мәдениет саласының үздігі, дәстүрлі әнші – Нұржан Тыныбек, жас көрермендерге арналған музыкалық театрының артисі, әнші Жанғали Темірғалиев, халықаралық байқаулардың лауреаты, музыкалық жас көрермен театрының актері, әнші – Саламат Мұқашев және №85 мектеп-лицейінің музыка пәні мұғалімі Дамир Еркінұлы әуезді әндерімен шарамыздың көркін келтіріп, педагогтерге рухани-мәдени кеш сыйлады.
Демеушілік көрсеткен «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсының марапаттау салтанатының ұйымдастыруына ат салысқан №85 мектеп-лицей ұжымына және білім беру қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Батыр Әлиұлына, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы, «Aqparat» бағдарламасының жүргізушісі Рахымжанұлы Дарханға «Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институты ұжымы атынан алғыс білдіреміз!













