Ү.ж. 20 қараша күні ҚР Оқу-ағарту министрлігінің аппарат басшысының төрағалығымен және Антикор өкілімен «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында ZOOM платформасымен онлайн форматта семинар өткізілді.
Іс-шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының барлық қызметкерлері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.
Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың маңызы мен әдістері талқыланып, тиімді шешімдер мен әрекеттер туралы ойлар ортаға салынды.
Семинар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әрбір қызметкердің жауапкершілігін арттыруға, қоғамдағы әділдік пен адалдық принциптерін нығайтуға бағытталды.