Үстіміздегі жылдың 27 қарашасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Жалпы педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен «Педагогтердің құзыреттілігін арттырудағы жасанды интеллект» Республикалық ғылыми-әдістемелік семинары өтті.
Бұл семинарға «Өрлеу»-Жамбыл Кәсіби даму институтының аға әдіскері Цой Наталья Владимировна және аға оқытушы Избасаров Ербол Хусаинович қатысып, жасанды интеллектінің педагогика саласындағы рөлі мен тиімді пайдалану жолдарын баяндады.
Семинар аясында қатысушылар жасанды интеллект ресурстарының оқу процесін жетілдіруде маңызды құрал екендігі, жасанды интеллект құралдары арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың артықшылықтары, жасанды интеллекттің оқу материалдарын жекешелендіруге мүмкіндік беретінін және бұл оқушылардың үлгерімін жақсартатынын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар жасанды интеллекттің болашақтағы мүмкіндіктерін және білім беру саласына тигізетін ықпалын жан-жақты зерттеуге, оқытуда қолданылатын жасанды интеллекттің мысалдары ретінде білім беру чат-боттары мен интеллектуалды кеңесшілер талқыланды.
Семинар соңында педагогикалық тәжірибеде жасанды интеллекттіні тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар жасалып, жаңа дәуірде педагогтердің өз білімдерін үздіксіз жаңартып отыруының маңыздылығын қарастырды.
