Математиканы оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістемелер

Өрлеу Алматыда «Математиканы оқыту: қазіргі тенденциялар мен әдістемелер» қазақ және орыс тілдерінде оқытатын математика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтуде.

Курстың мақсаты: математика пәні мұғалімдерінің математиканы оқыту және оқыту әдістемесі саласында математикалық білім беруді меңгеру және жүзеге асырудағы кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Курс мұғалімдердің келесі құзыреттерін жетілдіруге бағытталған:

  • оқу процесін ұйымдастырудың инновациялық әдістері мен технологияларын қолдана білу;
  • білім беру сапасын диагностикалау және бағалау, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ортасын құру мүмкіндігі;
  • математикалық ұғымдарды, объектілер мен заңдылықтарды меңгеруде құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды пайдалана отырып, оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін әзірлеуге және енгізуге дайын болу, әмбебап дағдыларды қалыптастыру.

Курс әл-Фараби атындағы №145 МГ базасында, аға оқытушы Көмекова Сандуғаш Оралханқызының жетекшілігімен өтуде.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар