Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру

2024 жылдың 28 қарашасында Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті №38 мектеп-гимназиясында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Нұрсәуле Джанбырбаеваның ұйымдастыруымен «Құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға орыс тілі мен әдебиет пәні және бастауыш  сынып  мұғалімдері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – мұғалімдердің құндылықтар негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға қатысты кәсіби білімдерін жетілдіру және тәжірибелік дағдыларын арттыру.

Семинар барысында PISA халықаралық зерттеуінің аясында оқу сауаттылығын дамыту әдістері, құндылықтар негізінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу сауаттылығын дамыту үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оқудың түрлері туралы баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар, шебер-сыныптар, ашық сабақтар мен коучингтер ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында қатысушылар әдістемелік ой бөлісіп, пікір алмасты. Тренер Нұрсәуле Джанбырбаева семинарға белсенді қатысушыларға құрмет грамоталарын табыстады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар