Жамбыл-Өрлеу директоры Латипа Сейдахметқызы «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы шеңберінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің №16 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерімен кездесіп, бүгінде экономикасы дамыған, табысты мемлекет құру жолындағы басты құралымыз сапалы білім мен ғылым, бәсекелестікке төтеп беретін өндіріс екендігін алға тартты. Прогрессивті, интеллектуалды ұлтты құрайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі мұғалімнің басты миссиясы деп, бұл орайда «Мемлекеттің педагогтерді қолдау және қолайлы білім беру ортасын құру үшін қабылданып, жүзеге асырылып отырған бірқатар ұлттық жобалар» барысына тоқталды.
Кездесу барысында әрбір Қазақстандық педагогке: мектепке дейінгі білім беру педагогінен бастап ЖОО оқытушысына дейін, кешегі түлек пен еңбек сіңірген білім қызметкері – қарапайым мұғалімдерге өз ойын білдіруге мүмкіндік беретін ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің қолдауымен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ұйымдастыратын «Педагогикалық идеялар панорамасы” Республикалық байқауында Жамбыл облысы педагогтерінің жеткен жетістіктерін баяндады.
Оқу-ағарту министрлігі мен «Өрлеу» өкілдерінің қатысуымен Астана қаласында өткен «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық байқауынан осы мектептің мұғалімі Мәншүк Рахишеваның экологиялық сауаттылық бағыты бойынша үш бірдей жүлдегер (ЮНЕСКО мұғалімдерге арналған тәуелсіз «Мұғалімдер зертханасы» платформасымен және CAPS Unlock үкіметтік емес ұйымының «Жаһандық азаматтық үшін білім» және «Адамгершілік саласындағы білім» «Климаттың өзгеруі» салаларының арнайы марапаты, YouTube каналында ең көп қаралымы үшін үздік номинациясы және республикалық кезеңнің жүлделі 3-ші орын иегері) “Үздік экопроект” жобасын ерекше атап, №16 ОМ директоры Жандар Мәжібаевқа, директордың орынбасарлары Алтынай Баубекова мен Әсел Алтынбаеваға Жамбыл облыстық «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру институтының алғыс хаттарын табыс етті.