2025 жылдың 5-6 қаңтары аралығында «Жайлы мектептерге» арналған семинар-тренингтер өткізіледі. Шараның мақсаты — мектептерде қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру және әрбір педагогтің кәсіби өсуін қамтамасыз ету. Семинар барысында қатысушылар ынтымақтастық, өзара қолдау және тәжірибе алмасу негізінде мектепішілік педагогикалық қауымдастықты құрудың маңызды аспектілерін талқылайды.
Семинарға «Жайлы мектептердің» басшылары мен педагогтері қатысады. Олардың кәсіби дамуына және ұжымдық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған тақырыптар қарастырылады. Семинар-тренингке қатысу арқылы педагогтар өздерінің білімдерін жетілдіріп, мектептердегі ұжымдық жұмыс процестерін оңтайландыру жолдарын таба алады.
Форматы аралас (офлайн және онлайн) түрде өткізілетін бұл семинар білім беру саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және қатысушыларға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
ОҚИҒА ТУРАЛЫ АҚПАРАТ :
- Басталу күні:05.01.2025
- Басталу уақыты:09:00
- Аяқталу күні:06.01.2025
- Аяқталу уақыты:13:00