Бүгін СҚО «Өрлеу» арнайы және инклюзивті білім беру педагогтарына арналған «Soft skills-трендте» облыстық байқауы аяқталды.
Конкурстың мақсаты – арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын ынталандыру, олардың кәсіби құзыреттілігін көрсету, сондай-ақ инклюзивті қоғам идеяларын ілгерілету.
Конкурстың міндеттері • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (ЕБҚБ) табысты әлеуметтендіруге және білім беру кеңістігі мен қоғамға интеграциялауға ықпал ететін арнайы және инклюзивті білім беру педагогтірінің кәсіби шеберлігін көрсету;• арнайы және инклюзивті білім беру принциптерін танымал етуге жәрдемдесу және ерекше қажеттіліктері бар балалардың интеграциясына ашық қоғамның дамуына ықпал ету, сол арқылы олардың толық әлеуметтік интеграциялануын қамтамасыз ету;• білім беру ұйымдарында ерекше білім алуды қажет ететін балаларды бейімдеу және тәрбиелеу жолында кездесуі мүмкін әлеуметтік, физиологиялық және психологиялық кедергілерді еңсеру әдістерін бөліп көрсету және ұсыну;• ерекше қажеттіліктері бар балалардың қоғамға белсенді қатысуына қолдау көрсете отырып, оларды интеграциялау процесіне мәдени және әлеуметтік аспектілерді енгізу.
• Сегодня в «Өрлеу» – СКО завершился областной конкурс «Soft skills – в тренде» для педагогов специального и инклюзивного образования.
Байқауға қатысушылар өздерінің мастер-кластарын қорғау үшін инклюзивті білім беру, білім беру және арнайы білім беру сияқты үш презентациялық сессияға бөлінді.
Конкурс соңында қатысушыларға I, II, III дәрежелі дипломдар мен Гран-при берілді.