Бас ұстаз «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасын қорытындылады

ҚР-ның Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің шалғай ауыл мектептерінің педагогтерімен кездесу өткізді. Шараға қатысушылармен бірге Бас ұстаз «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын қорытындылап, орта білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Осы ауқымды шараға қатысушы ретінде қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жою бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан сан алуан жұмыстар мен жетістіктерді көріп, естіп отырып, оның білім беру сапасын жақсартуға айрықша әсері болғанына қуаныштымын.

 «Мемлекет педагогтерді қолдау және қолайлы білім беру ортасын құру үшін орасан зор шаралар қабылдауда. Президенттің тапсырмасы бойынша «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы іске асырылуда, оның қорытындысы бойынша бір жыл ішінде ауылдық мектептердегі білім сапасы орта есеппен 7-9%-ға өсті, ал республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған ауыл оқушыларының саны 10 есеге жуық өсті. Жыл сайын 1000-нан астам ауылдық мектеп жаңғыртудан өтуде. 1300 мектепті жаңарту жұмыстары басталды, оның 900-ге жуығы ауылдық жерлерде орналасқан», – деді кездесуде Ғани Бейсембаев. Бұл – өте қуантарлық жағдай.

Өңірдің үздік ұстазының бірі ретінде мен де білім саласының дамуына өз үлесімді қосып келемін. Жас ұрпаққа білім беруде кәсіби біліктілігімді арттыру арқылы үнемі ізденісте жүруге талпынамын. Бұл бағытта өңір педагогтерінің кәсіби дамуына айрықша үлес қосып келе жатқан Жамбыл-«Өрлеу» ұжымына алғыс айтамын. Алдағы жылы да кәсіби әріптестік ауқымы кеңейетініне сенімдімін!! Жаңа жылдарыңызбен, құрметті әріптестер!!!

Айнұр Татибекова, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,

Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар