«ӨРЛЕУ-АТЫРАУ» ФИЛИАЛЫНЫҢ БІР ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«ӨРЛЕУ-АТЫРАУ» ФИЛИАЛЫНЫҢ БІР ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ

🔹«Өрлеу-Атырау» филиалы 2024 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде 119 біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды оның ішінде 103-і орта білім беру ұйымдары педагогтеріне (2648 тыңдаушы) 16-сы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған (400 тыңдаушы). Педагогтердің сұраныстарына сәйкес 33 біліктілікті арттыру курсын өткізді. Жалпы есеппен 3903 мұғалім кәсіби біліктілігін шыңдады.

🔸«Өрлеу-Атырау» филиалы өңір педагогтеріне түрлі тақырыпта әдістемелік қолдау жұмыстарын ұйымдастырды.

Атап айтсақ:
1. Конференциялар – 3
Халықаралық
Республикалық
Аймақтық
2. Семинарлар – 261
3. Шебер сыныптар – 4
4. Конкурстар – 3
5. Дөңгелек үстел – 2
6. Курстан кейінгі қолдау – 22
7. Ашық есік күні – 2. (1 – 200ге жуық, 2- 150-ден астам қатысушы)

🔹 «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасы аясында Атырау облысы бойынша 46 мақсатты мектептің 1917 педагогі базалық деңгейдегі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, курстың қорытынды тестілеуін тапсырды.

🔹 «Өрлеу» үшін биылғы жылдың басты жаңалығы – «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасының іске қосылуы. Атырау облысы бойынша «Ұстаз» платформасына тіркеу жұмысын жүргізу мақсатында жалпы есеппен 710 педагогке платформада жұмыс жасау ережелері бойынша офлайн оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

🔹 2024 жылы біліктілік және кәсіби қызмет үшін қажетті жаңа құзыреттілік алу шеңберінде бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және сапасын арттыру бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыру мақсатында 22 ұйыммен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

🔹Институтта «Музыканы оқытудың инновациялық әдістері» біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы әзірленуде. Сонымен қатар, орталық аға оқытушылары Тажиева Г. К. , Жумагалиева А.Ж., Ажигулова М.С. мақсатты мектептер педагогтерін оқытудың базалық, негізгі және ілгерінді деңгейлі біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын және оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеуге қатысуда.

🔹 “Өрлеу-Атырау” филиалындағы кадрлар жетістігі бойынша тоқталсақ, орталықтың аға оқытушысы Ажигулова Майя Салауатовна – ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Оқу-ағарту министрлігі атынан “Еңбек ардагері” медалімен «Өрлеу-Атырау» филиалы әкімшілік-шаруашылық жұмысының менеджері Ескалиев Нұрлыбек Идеятович марапатталса, аға оқытушылар Утеулиев Жұма Тапенұлы мен Жұмагалиева Анар Жеңісқызы Ы. Алтынсарин атындағы төсбелгі иегерлері атанды.

🔹 «Хабаршы-Вестник» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының 18 номерінде 685 мақала жарияланды. Жыл көлемінде педагогтердің шығармашылық жұмыстары іріктеліп 6 жинақ шықты.

🔹 «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» байқауының өңірлік кезеңінде 247 өтінім келіп түсті. Соның ішінде 50 педагог жүлделі болып, 9 бірінші орын иегерлері байқаудың Республикалық кезеңіне жолдама алды. Конкурстың республикалық кезеңінде Атырау облысынан 3 педагог 3 – ші орынмен марапатталды.

🔹 2024 жылы филиалда жүзеге асқан жобалар:
1. «Action Research: табысты ұстаз тәжірибесінде» тақырыбында институттың командалық жоба жұмысы
2. «Облыстық мектептер тәжірибесі – ШЖМ дамуында» тақырыбында командалық жоба жұмысы
3. «Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігінің дамуы оқушылардың жетістігінің кепілі» (Қызылқоға ауданы орта білім беру ұйымдарының озат тәжірибелерін тарату) тақырыбында командалық жоба жұмысы

🔹 «Өрлеу-Атырау» филиалы «Педагогика және пәндік әдістер» кафедрасының аға оқытушысы Арстангалиева Жанаргуль Сарсенгалиевнаның «4К моделі бойынша ойындардың қолданылуы» атты және Тажиева Гулмира Капановнаның “Использование на уроках химии и биологии задании формативного оценивания” тақырыбындағы әдістемелік құралы жарыққа шықты.

🔹 Филиал қызметін ақпараттандыру әлеуметтік желіде жүйелі түрде жүргізіледі. Парақшалардағы оқырман саны: Фэйсбук – 7630, инстаграм – 5890, тикток – 3761. БАҚ-пен жұмыс:
Республикалық баспада – 2 мақала, облыстық баспада – 25-ке жуық мақала, облыстық телеарналарда 20-дан астам сюжет жарияланып, филиал қызметі туралы 1 баспасөз брифингі өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар