Тарих пәні мұғалімдеріне арналған фейл-вебинарлар керуені басталды

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында педагогтерді курстан кейінгі қолдау мақсатында «Тарих пәнін оқыту мен оқудағы қиындықтар: себептері, шешу жолдары» тақырыбында фейл-вебинарлар (онлайн) керуені өз жұмысын бастады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 249 бұйрығымен бірқатар өзгерістер енгізілді. Оның негізі 2023 жылдан бастап біліктілік арттыру курстарынан өткен әрбір мұғалім курстан кейінгі 1 жыл ішінде курстан кейінгі сүйемелдеумен қамтамасыз етілуі тиіс.

Педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу – педагогтің курстан кейінгі қызметін үздіксіз мониторингтеу және әдістемелік, консультациялық көмек көрсету арқылы оның кәсіби құзыреттілігін дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесі. Осыған сәйкес, қаңтар айының алғашқы аптасынан бастап филиалда 2024 жылы тарих пәнінен курстан өткен тыңдаушыларды курстан кейінгі қолдау аясында фейл-вебинарлар керуені өз жұмысын бастады.

Бүгінгі фейл-вебинар жұмысына Арал ауданы бойынша білім бөлімінің сұранысына сәйкес 2024 жылдың 26 наурызы мен 3 сәуірі аралығында «Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өткен 25 мұғалім тартылды.

Вебинар модераторы, курс авторы әрі жетекшісі Раушан Мәрсәлінің жетекшілігімен қатысушылар курстан кейінгі жетістіктермен және қордаланып отырған олқылықтарды (проблемаларды) ортаға салды. Сонымен қатар, білім алушылардың оқуға қызығушылығын арттыруда қолданылатын жаңа инновациялық әдістер ұсынылып, оларды жүргізу алгоритмін қолдана отырып, пысықталды.

Педагогтің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге бағытталған курстан кейінгі сүйемелдеу шаралары жыл бойы үздіксіз жалғасатын болады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар