«Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен заманауи-педагогикалық технологиялар»

🎓 Бүгін, 2025 жылғы 22 қаңтарда, №116 орта мектебінде «Оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен заманауи-педагогикалық технологиялар» тақырыбында семинар өтті.

📋 Іс-шара мақсатты мектептердің педагогтарына курстан кейінгі қолдау жоспарын жүзеге асыру аясында өтті және заманауи технологиялар мен инновациялық оқыту әдістерін қолдану арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталды. Қатысушылар жасанды интеллект пен цифрлық платформаларға көшу арқылы білім берудегі өзекті мәселелерді қалай шешуге болатынын және дәстүрлі әдістердің шектеулерін еңсеру жолдарын талқылады.

Негізгі тақырыптар:

  • 🤖 Білім берудегі жасанды интеллект – Жанар Әлібекқызы Жартынова мен Фатима Серікбайқызы Нарсейітова оқыту үдерісін оңтайландыру үшін жасанды интеллектті қолдану туралы идеяларын ұсынды.
  • 🌐 Инновациялық технологиялар: цифрлық платформалар мен виртуалды шындыққа көшу – Ардақ Қартаевна Абильдаева цифрлық құралдардың оқытудағы маңыздылығын атап өтті.

💡 Семинар педагогтардың жаңа жұмыс әдістерімен тәжірибе алмасуы мен шабыт алуына тамаша алаң болды.
📈 Біз бірлесе отырып, болашақтың сапалы және тұрақты білім беру жүйесін қалыптастырамыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар