«Өрлеу» тренерлері әдістемелік қолдау көрсетуде

Оралдағы “Өрлеу” филиалының Кәсіби даму институтының қызметкерлері базалық курстан өткен мұғалімдерге қолдау жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. Аптаның алғашқы күнінен бастап, олар сабақтарға қатысып, мұғалімдермен сабақты жоспарлау, өткізу және талдау тиімділіктерін арттыру бойынша кеңестер берді.

       Педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау аясында тәжірибелі тренер Гүлдана Тасқалиева БҚО Бәйтерек ауданы Озерный негізгі орта мектебіне барып, педагогтердің өткізген сабақтарына қатысып, олардың педагогикалық, зерттеу және рефлексиялық қызметінде әдістемелік көмек көрсетті.

     “Өрлеу” қызметкерлерінің өңір педагогтерінің кәсіби дамуын қолдау, пәндік құзыреттіліктерін арттыру және педагогикалық тәжірибелерді жақсарту бағытындағы жоспарлы жұмыстары білім беру сапасын арттыруға негізделген.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар