Бүгін Астана қаласында шетелдік сарапшылардың қатысуымен ұстаздар саммиті басталды. Саммитке «Өрлеу» ұлттық орталықтың мамандары қатысты.
Саммитте басты назар инклюзия, цифрландыру, жасанды интеллект тақырыптарына аударылды.
Саммитті Вебер университеті педагогикалық білім беру кафедрасының және Digital fluency факультетінің доценті С.Спайхер «От теории к практике: Практические инсайты по созданию эффективных цифровых уроков» тақырыбындағы баяндамасымен бастады.
Саммитті шетелдік сарапшылар Венли Чен мен Дуглас К.Хартманның «Педагогические знания учителей в области технологий и соджержания (ТРАСК)для значимой интеграции ИКТ в преподавание и обучение», «Будущее преподавания в настоящее время» тақырыптарындағы баяндамаларымен жалғастырды.
Саммиттің екінші күні білім берудегі өзекті тақырыптар бойынша шеберлік сағаттар, тақырыптық алаңдар ұйымдастырылып, инклюзивті білім беру бағытында тренингтер өткізіледі.