Өрлеу-Маңғыстау филиалының кітапханасы мен «Бастауыш мектепте құндылыққа бағдарланған тәсілді жүзеге асыру» тақырыбындағы курс тыңдаушылары бірлесе отырып, «Өрлеумен оқы» жобасы аясында «Ұлттық тәрбие – ел болашағы» тәрбие бағыты бойынша шара өткізді.
Жобаның мақсаты – тыңдаушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру, ұжымдық оқу үлгісін насихаттау.
Жобаға Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы таңдалды.
Жұмыстың зерттеу обьектісі: батыр өскен орта, тәрбиеге әсер еткен негізгі көздер – салт-дәстүрлер, ұлттық наным-сенімдер, мақал-мәтелдер.
Жобаны талдауда «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» сәйкес тыңдаушылар шығарманың тақырыбы мен идеясына тоқталып, шығармадағы шілдехана, бесікке бөлеу, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, атқа мінгізу, келін түсіру, қыз ұзату сияқты ұлттық құндылықтарымыз туралы өз ойларын ортаға салды.
Шара аяқталған соң тыңдаушылар, жоба жоспарына сәйкес, Ә.Кекілбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына барды.

- 05 Сен
- 2024