Мереке қарсаңында ұстаздар марапатталды

📌Бүгін Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарында Ұстаздар күніне арналған салтанатты шаралар өтті. ⚡Ақтау қаласы мен Қарақия ауданында өткен мерекелік іс-шараларға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Э.Калиева қатысып, өңіріміздің ұстаздарын ҚР Оқу-ағарту министрінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, “Өрлеу” Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғысымен марапаттады.🎉Ұстаздардың білім мен тәрбие беру жолындағы еңбегі ерекше бағаланып, олардың жетістіктері атап өтілді. Мұғалімдеріміздің қоғамдағы рөлі, жастарды тәрбиелеудегі маңызды міндеттері әрқашан назарда. 🎉Барша ұстаздарды тағы да кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік, дендеріне саулық, шығармашылық табыстар тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар