Бүгін, 15 қараша күні Өрлеу-Маңғыстау филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті.Биыл байқауға қатысуға ең көп қызығушылық танытқандар арасында пән мұғалімдері болды. Қатысу формалары әртүрлі, соның ішінде ең көп тарағаны сабақ және практикалық/зертханалық жұмыс. 12 бағыт бойынша келген жұмыстардың ішінде танымал бағыттар «Цифрлық сауаттылық», «Оқу сауаттылығы» мен «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» болды.Республикалық кезеңге өткен жеңімпаздарға сәттілік тілейміз!

- 15 Ноя
- 2024