«943 – ЕЛДІҢ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» жобасы аясында педагогтерге арналған онлайн базалық курс семинарлары өткізілуде

📢 Ағымдағы жылдың 8 қаңтары мен 24 қаңтары аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыруымен «943 – ЕЛДІҢ НЫСАНАЛЫ МЕКТЕПТЕРІН ДАМЫТУ» жобасы аясында педагогтерге арналған онлайн базалық курс семинарлары өткізілуде.💡 География, физика, математика, информатика, химия, биология, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып, тарих пәндері бойынша ұйымдастырылған базалық курс семинарлары білім беру саласында жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру, кәсіби дағдыларды жетілдіру және оқушыларға сапалы білім беру жолында маңызды қадам болып табылады. 💡 Семинар барысында педагогтер:- заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін меңгеріп, білім беру саласындағы жаңа тенденциялармен таныса алады;-педагогтерге пәндерді тиімді әрі шығармашылық тұрғыда оқыту дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді;-білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқытуды тиімді ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болады. 🔗 Құрметті мұғалімдер, Сіздерді осы маңызды семинарға қатысып, кәсіби біліктіліктеріңізді шыңдауға шақырамыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар