ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БАЛАБАҚШАДА ДАМЫТУ: ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

🌿 ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ БАЛАБАҚШАДА ДАМЫТУ: ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС🔰15 қаңтар күні «Алтын сақа» жекеменшік балабақшасында ерекше әдістемелік жұмыс жүргізілді. Балабақша педагогтері үшін Ұлттық құндылықтарды балаларға жеткізу мен дамыту бағытында маңызды кеңестер берілді.👩‍🏫 Өрлеу-Маңғыстау филиалының аға оқытушысы А.Жумабаева балабақшадағы педагогтермен бірге заттық кеңістіктік ортаны ұйымдастыру, балаларға ұлттық тәрбиені ұғындыру жолдары туралы маңызды ақпаратпен бөлісті.🌿Баланың алғашқы қадамдары осы жерде жасалып, ұлттық құндылықтар – салт-дәстүр, тіл, өнер, мәдениет – ұрпақ санасында ұялауы тиіс. Оқу мен тәрбие бірлігі арқылы әр бала қазақ халқының бай мұрасымен танысып, оны өз болашағында ұстанатын азаматқа айналады.🌟 А.Жумабаева педагогтердің кәсіби деңгейін көтеру, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңірудің жаңа тәсілдерін үйретті. Заттық кеңістіктік орта балалардың шығармашылығын дамытуға, олардың мәдени мұраны терең түсінуіне ықпал етеді.💫 Бұл әдістемелік кеңес – ұлттық рухты сақтау мен дамыту жолындағы маңызды қадам!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар