Нысаналы мектептерді дамыту республикалық жобасы аясында облыстық деңгейде онлайн шара өткізілді!

💥Бүгін, 20 қаңтар күні нысаналы мектептерді дамыту республикалық жобасы аясында облыстық деңгейде онлайн шара өткізілді!💫Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы, педагогика саласының маманы М.Сахарбаеваның жетекшілігімен, нысаналы мектептердің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық деңгейде онлайн форматта «Құрмалас сөйлемді синтаксистік талдау» тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.📚Іс-шараның негізгі мақсаты — бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби білімдерін жетілдіру, синтаксистік талдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру.💡Іс-шараға облыстың нысаналы мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері белсене қатысып, өзара тәжірибе бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауаптар алды.🌐 Онлайн форматта өткен шара барысында құрмалас сөйлемдердің құрылымын түсіну мен оны дұрыс талдау әдістері бойынша тың материалдар ұсынылды. Сонымен қатар, мұғалімдер синтаксистік талдау әдістемелерін бірлесе талқылап, өз сабақтарында тиімді пайдалану жолдарын қарастырды.👩‍💻Бұл шара мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда, сондай-ақ жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді оқу үдерісіне енгізу мақсатында маңызды қадам болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар