Жаратылыстану пәнін оқытудағы тиімді әдістер мен жаңа мүмкіндіктер

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылындағы №2 орта мектепте «Білім берудегі функционалдық сауаттылық: тәжірибе мен тиімді әдістер» тақырыбында “Жаратылыстану-тарих” пәндері бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ләззат Адыбаева қатысып, мұғалімдермен маңызды мәселелерді талқылады. Тренер «Жаратылыстану пәнін оқытуда білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған тапсырмалардың ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап, білім берудегі функционалдық сауаттылықтың маңызы, оның оқушылардың өміріндегі рөлі және заманауи әдістері жайлы ой қозғады.

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, жаңа идеялар мен әдістемелерді талқылау арқылы кәсіби дамуға тың серпін берді. Мұндай іс-шаралар педагогтердің біліктілігін арттырып қана қоймай, оқушылардың сапалы білім алуына да оң ықпал етеді.

Функционалдық сауаттылық – білім алушылардың алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдана білуі.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар