Білім беру сапасын жетілдіру: мақсатты мектептерге қолдау көрсетілуде

“943 – Елдің мақсатты мектептерін дамыту” жобасы аясындағы әдістемелік қолдау шаралары жалғасуда.

“Баршаға қолжетімді сапалы білім” Ұлттық баяндамасы негізінде жүзеге асырылып жатқан “943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту” жобасы аясында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Ләззат Орманбекова өңірдегі бірқатар білім беру ұйымдарында әдістемелік десант жұмыстарын ұйымдастырды.

🔹 21 қаңтар– Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, С. Бердіқұлов атындағы орта мектебінде пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, тәжірибелік көмек берілді.

🔹 23 қаңтар– Жамбыл ауданы, Қасымбек орта мектебінде “Әдістемелік десант” ұйымдастырылып, мұғалімдермен сабақ жоспарлау, бағалау және ұйымдастыру бойынша пікір алмасу өтті.

🔹 24 қаңтар– Іле ауданы, Жайнақ ауылындағы №31 орта мектебінде пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетілді.

🔹 28 қаңтар– Іле ауданы, Қараой ауылындағы Ы. Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінде мұғалімдерге сабақ барысында әдістемелік көмек берілді.

Аталған шаралар мақсатты мектептерде білім беру процесін жетілдіруге және педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар