30 қаңтар күні Оралдағы «Өрлеу» филиалының Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Айман Шанаеваның ұйымдастырумен облыстық онлайн вебинар өтті. Тақырып «Сабақты функционалдық сауаттылықты дамыту стратегиялары мен құралдарын пайдалана отырып жобалау».
Вебинар барысында функционалдық сауаттылықты дамытуға ықпал ететін сабақтарды жобалаудың тиімді стратегиялары мен құралдары қарастырылды. Талқылау барысында функционалдық сауаттылықтың жылдам өзгеретін әлемде оқушылардың табысты бейімделуі үшін маңызды дағды екендігі атап өтілді. Педагогтер өз мектептерінде функционалдық сауаттылықты дамыту құралдарын қолдану бойынша практикалық мысалдармен бөлісті.
Вебинар көрсеткендей, функционалдық сауаттылықты дамыту стратегияларын пайдалана отырып сабақтарды жобалау білім сапасын арттырумен қатар, оқушыларды мектептен тыс өмірге жақсы дайындалуға көмектеседі. Бұл педагогтардан кешенді тәсілді, әдістемелерді үнемі жетілдіруді және жаңа құралдар мен технологияларды қолдануға дайын болуды талап етеді.
Вебинар қатысушылары пайдалы әдістемелік ұсыныстар мен оларды педагогикалық практикада қолдану үшін нақты мысалдар алды.


