Мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу

2025 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды облысы Бухар жырау ауданындағы «Мәнжі батыр атындағы Қаражар жалпы білім беретін мектебі» КММ-не «Өрлеу» Қарағанды филиалының мамандары (директордың орынбасары Кушнир Марина Петровна, кафедраның аға оқытушылары Бигельдинова Бақытжан Нагизханoвнa мен Разбекова Зауре Қайыровна және әдіскер Дюсенбаева Раушан Болатовна) әдістемелік көмек көрсету мақсатында барды.

Мамандар 6 сабаққа қатысып, бастауыш сынып, қазақ тілі, математика және химия пәндері бойынша мұғалімдердің сабақ беру әдістерін талдап, олардың педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында нақты ұсыныстар жасады.

Әрбір педагогтың сабағына жеке-жеке талдау жасалып, оқыту дағдыларын жақсартуға бағытталған кеңестер берілді. Мұндай іс-шаралар мұғалімдер мен әдіскерлер арасындағы тәжірибе алмасуға ықпал етіп, білім сапасын арттыруға көмектеседі.

Білім беру – бұл үнемі дамып отыратын процесс, және осындай кездесулер білімнің деңгейін көтеруге өз үлесін қосады.

(1) Пікір

  • Нуртазина Майра Бахытовна 31.01.2025 @ 08:54

    Такие мероприятия способствуют обмену опытом и помогают улучшать педагогическую практику, что в свою очередь способствует качественному образовательному процессу.

Пікірлер жабық.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар