Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Еңбекші ауылы №39 жалпы білім беретін орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Бұл іс-шара Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты мен мектеп арасындағы ынтымақтастық меморандумы негізінде ұйымдастырылды.

Семинар тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары.

Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған заманауи әдіс-тәсілдермен таныстыру, тиімді технологиялар мен педагогикалық инновацияларды оқу үдерісіне енгізу.

Семинар барысында білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер талқыланып, тәжірибелік жұмыстар ұсынылды. Іс-шараға Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби дамыту институтының аға оқытушысы Мариям Мухамадиева, Талғар ауданы бойынша «Облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының» бөлім басшысы Г. Алтыбаева, сондай-ақ аудан мектептерінің басшылары мен ұстаздары қатысты.

Ауданымыздың үздік бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар, коучингтер, мастер-класстар өткізіп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында:
М.Б.Абдрахманова, А.Е.Жубанканова, К.К.Смаилова, Н.А.Рыскулова, М.Т.Скендирова, А.Қ.Қалибек, Т.Е.Джанкиева, Б.А.Дакариева, Ш.Серікқызы, Б.М.Омарова, А.Т.Ниязова, А.Н.Байтукенова, Ж.Солтанбекова, Ж.Әжібай, Р.М.Сагадиева, Ф.С.Смаилова, Л.Қожаханова, Ж.Б.Бекқали, Б.Өскембай, Х.В. Баратова, Е.В.Лаврентьева, М.Т. Питебаева және М.Т. Төлендиева.

Бұл семинар білім беру сапасын арттыруға, мұғалімдердің кәсіби дамуына және білім беру үдерісін жаңартуға үлкен үлес қосты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар