🔹Бүгін 31 қаңтар күні «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының «Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты» директоры Даулетова Роза Қабышқызы бірнеше мекемемен ынтымақтастық орнатты, атап айтар болсақ:
1. «Ұрпақ» қолөнер академиясы құрылтайшысы Дәулетов Нұрберген Әбдірешұлымен
2. Атырау қаласы білім бөлімінің №36 «Нұрәлем» бөбекжай – бақшасы» КММ басшысы Мусина Гульжан Апанасовнамен
3. Атырау облысы білім басқармасының Махамбет ауданы білім бөлімінің «Алтын балық» бөбекжай – бақшасы» КММ басшысы Еркинова Бигайша Жолдигалиевнамен
🔰Аталмыш ынтымақтастық кәсіби мамандарды даярлау бағытында курс тыңдаушылары арасында үздік шеберлік сағаттар өткізіп, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, көшпелі сабақтар ұйымдастыру, өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асырады.
📚Оқу және ғылыми үрдістегі жаңа жүйелерді бағдарлау және озық үлгідегі мәліметтерді игеру мақсатында екі жақты өзара ақпараттық – коммуникациялық технологиялар бағытында іс-тәжірибе, ғылыми – әдістемелік көмек көрсету оң өзгерістерге әкеледі деп сенеміз.





