Оқытушыларға арналған республикалық семинар

  Бүгін 5 ақпан күні «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдарының химия пәні тренерлері мен оқытушылары үшін «Химия сабағы: позитивті эмоционалды өзара әрекеттесуді құру тәжірибелері» тақырыбында республикалық семинар өтті. Семинар спикері Оралдағы «Өрлеу» филиалының тренері Өтеғұл Гүлмаржан Кәрімқызы болды.

     Мақсаты: қатысушыларды жаңа білім беру бағдарламасының оқу-әдістемелік кешенімен (ОӘК) таныстыру. Сабақ барысында позитивті эмоциялық өзара әрекеттесуді дамытуға бағытталған тәжірибелерді талқылау.

     Семинар барысында қатысушылар ОӘК мазмұны мен құрылымын тереңірек түсініп, оқытуда позитивті қарым-қатынастың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Сондай-ақ практикалық ұсыныстар мен әдістерді талқылап, оларды тәжірибеде қолдануға дайындалды. Оқыту практикасына оқу-әдістемелік кешен элементтерін енгізу бойынша алгоритм құрылды.

     Қосымша талқылаулар Zoom платформасында жүргізілді, ал семинар жұмысының қорытындысы Padlet тақтасында ұйымдастырылды.

      Бұл семинар тыңдаушылар үшін тиімді білім беру әдістемелерін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар