Бүгін Оралдағы «Өрлеу» филиалында «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасын түсіндіру жұмыстары аясында семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына қала мектептерінің информатика пәні мұғалімдері мен платформаға жауапты қызметкерлер қатысты. Семинар барысында платформаға деректерді енгізуге жауапты тұлғаларға қолдау көрсетіліп, олардың сұрақтарына жауап берілді.
Семинарда мұғалімдер туралы мәліметтерді енгізу, техникалық қолдау және 2025 жылы аттестаттаудан өтуге үміткер педагогтердің жеке профильдерін толтыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара барысында мұғалімдер туралы мәліметтерді құру және жүктеу, техникалық қолдау көрсету және 2025 жылы аттестаттаудан өтуге үміткер педагогтердің жеке профилінің одан әрі толтырылуына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Бұл іс-шара оқытушыларға жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, олардың біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру технологияларын тиімді пайдалануға көмектеседі. Семинардың нәтижесінде, әрбір педагог өз тәжірибесіне жаңа әдістер мен тәсілдерді енгізе алады, бұл өз кезегінде оқушылардың білім алу сапасын арттырады және жалпы білім беру жүйесін дамытуға ықпал етеді.
