2025 жылдың 13 ақпанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Сагидолла Сакенов Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты қызметкерлеріне арналған вебинар өткізді. Тақырыбы – «Қоғамның бастамашылық жасап хабарлау саясаты мен Қоғамда қызметтік тексеру жүргізу қағидалары ережелерін түсіндіру».
Вебинар барысында ішкі нормативтік құжаттар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, жедел желінің маңызы, бастамашылық жасап хабарлау бойынша халықаралық тәжірибе, жауапты тұлғалардың іс-әрекет алгоритмі, қызметтік тексеру жүргізу қағидалары, сыбайлас жемқорлықтың тәуекел дәрежелері мен тексеру жүргізетін жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттері талқыланды.
Іс-шара соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, сұрақтарға жауап берілді. Бұл вебинар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, ашықтық пен адалдық қағидаларын ұстануға бағытталған маңызды қадам болды.





