«Өрлеу» оқытушылары курстарға қатысуда

        Бүгін Астанада «Өрлеу» ұйымының оқытушыларына арналған курстар басталды. Курс тақырыбы: «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс», «Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану». Бұл курстарға   Оралдағы «Өрлеу» филиалының аға оқытушылары да қатысуда.

     Оқытушыларға курсты Халықаралық сарапшы, психология ғылымдарының докторы, Хьюстон университеті психология факультетінің профессоры Елена Григоренко жүргізуде. Тренинг барысында профессор Григоренко тыңдаушыларды ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің жалпы принциптерімен, ЕЕБҚ пайда болуының этиологиясы мен негізгі себептерімен, балаларды жіктеу жүйесімен және диагностикалаудың негізгі тәсілдерімен таныстырды.

   «Тренерлерге арналған құзыреттілікке бағытталған бағалау құралдарын әзірлеу және қолдану» тақырыбындағы курста спикер ретінде Арнольд Дж. Брауэр, PhD, халықаралық білім беру өлшемдері және психологиялық тестілеу саласындағы сарапшы сөз сөйлейді. Курстың алғашқы күнінен бастап оқытушылар құзыреттерге негізделген бағалау құрылымын әзірлеу принциптерін қолдануды, оқу бағдарламасына негізделген сапалы және өлшенетін құзыреттер мен оқу мақсаттарын қалыптастыруды, оқу мақсаттарын оқу іс-шараларына және оқытушыларға керібайланыс беруге айналдыруды меңгерді. Аталған курстар 21 ақпанға дейін жалғасады. «Өрлеу» оқытушыларына білімдерін шыңдауда сәттілік тілейміз! Жаңа бастамалар мен табыстарға толы болсын!

                 

                 

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар