«Өрлеу» Астана қаласы бойынша Кәсіби даму институтының оқытушылары мен Астана қаласының әдістемелік орталығының әдіскерлері әдістемелік көмек көрсету үшін мақсатты мектептердің сабақтарына жүйелі түрде қатысуда. Әдістемелік көмек көрсету мақсатында 11 ақпанда №21 орта мектептің сабақтарына қатысты.
Бақылау қорытындысы бойынша педагогтарге сабақтың мақсаттарын тұжырымдау, тиімді тайм-менеджмент, уақытылы кері байланыс және оқытудағы сараланған тәсілді есепке алу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.


